Үкімет тұрғындарға баспаналарын сақтандыруды заңмен міндеттемек

Байжановтар – тамыз айында баспанасы өртеніп  далада қалған алматылық отбасы. Амалы жоқ отағасы екі баласын құрылыс қасындағы, суық болса да мына бөлмені паналауға мәжбүр. Тек бақтарына орай, өрттің қасақана қойылғаны дәлелденіп отыр. Енді әкімдік ескі үйді қайта жөндеуде. Әйтпесе, сақтандыруға қойылмаған оның өтемі болмауы мүмкін еді.

Арыслан Байжанов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бір апта болды, үйді қалыпқа келтіріп жатыр. Екі айдың ішінде үйді салып береді. Мүмкіндік болса, барлығымыз ақша жинап сақтандыруға қоямыз енді үйді.

Жалпы биыл Алматының өзінде 6 ірі өрттен жүзге жуық отбасы баспанасыз қалған. Барлығы да пәтерін сақтандырмаған. Мына бір өрттен де 8 отбасы қаңғып қалған еді. Апатқа тұрғындардың өздері айыпты деп танылды. 

-Бір ай бұрын әкімдікке арызданғанмын.  

Бірақ енді бұдан бұлай жағдай өзгеруі мүмкін. Оған сақтандыру заңына енгізілгелі жатқан өзгерістер басты себеп болмақ. Яғни, билік 2015 жылдан бастап баспананы міндетті сақтандыру жүйесін енгізуді көздеп отыр.

Ерлан Бурабаев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы төрағасының кеңесшісі: 

-Заң жобасы соңғы дайындық үстінде. Алдағы айда қортындыланады. Бұл үшін сақтандыру команияларынан бөлек, Төтенше жағдай комитеті мен Экономика министрлігінің мамандары да бірлесіп жұмыс істеуде. Егер заң қабылданса, арнайы қор құрылуы мүмкін. Бірақ ол үшін баспана иелері міндетті түрде жыл сайын мүлігін сақтандырып отыруы қажет.

Мамандарының айтуынша, сейсмикалық жағынан қауіпті аймақ саналатын Алматының өзінде тұрғын үйдің тек 3-тен 1бөлігі сақтандырылыпты. Онда да ипотекаға берілген пәтерлер ғана. Оның өзін банктер міндеттеп қана қойған.


Баян Имашева, Сақтандыру компаниясы басшысының орынбасары:

- Өкінішке қарай, еліміз тұрғындарының мүлікті сақтандыру жөніндегі сауаты тым төмен. Көбі басына түскенде ғана әрекетке көшіп жатады. Әйтпесе, сақтандыру жүйесінде тұтынушы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Ерікті сақтандырудан үйіңізге ұры түссе де өтеамақы ала аласыз.

Жалпы сақтандыру жүйесі батыс елдерінде әлдеқашан жолға қойылған. Мәселен, Голландияда көлік пен үйді айтпағанда, тұрмыстық техника мен жиһазға дейін сақтандырылады. Ал біздегі өзгеріс Түркия тәжірибесіне негізделіп отыр.