"Ұйымдастыру комитеті Алматы облысында шаңғы-биатлон жолы мен шаңғы стадионын салу, Алматы қаласында шаңғы трамплинінің халықаралық кешенін және Астанада мұз сарайын, сондай-ақ, осы жарыстарды өткізу үшін қажетті басқа да нысандарды салу шаралары қарастырылды", - деп көрсетілген хабарламада. Баспасөз қызметі сондай-ақ, спорттық ғимараттардың тізбегі 15 нысанды қамтитынын хабарлады. Оның 10-ы салу, қалған бесеуін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Бұл ретте ұйымдастыру комитетінің мүшелері Азиаданың Алматы қаласындағы Олимпиада қалашығы мен баспасөз орталығын салу үшін жер бөлу мәселесін талқылады, деп көрсетілген хабарламада.