Үкімет Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру жөніндегі міндет орындалады деп санайды - премьер-министр



"Осыдан бірнеше күн бұрын парламент сессиясын ашқан мемлекет басшысы 2012-жылға дейін Жалпы ішкі өнімді 1,5 есе өсіру, ал жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша 13 мың долларға жеткізу жөнінде міндет қойды. Бұл біз үшін өте нақты әрі орындалатын міндет", - деп мәлімдеді премьер.

Ол бұған қоса "соңғы жеті жылда Жалпы ішкі өнімнің өсімі жылына 9-10% құрағанын, ал жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім деңгейі былтыр 5 мың доллардан асқанын" атап өтті.