Үкімет жанар-жағармай өндірісі мен сатылуын қадағалайтын автоматтандырылған жүйені енгізуді қарастыруда

"Бүгінде мұнай өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу заңын орындау үшін, техникалық реттеу комитетінің, салық комитеті, қазақстандық МӨЗ мұнай базалары мен АМБ мұнай өнімдерінің өндіріс көлемі мен сатылуы көлемі жөнінде ақпаратты өңдеп жіберуін қамтамасыз ететін, автоматтандырылған бақылау құралдарын енгізу және пайдалану жөнінде ЭМРМ қызметкерлерінен тұратын ведоствоаралық жұмыс тобы құрылды" деді ол.

"Бұл жұмыс тобы қазір автоматтандырылған есеп құралдарын жасауда. Оның қорытындысында, бұл құралдар МӨЗ, мұнай базаларына қойылатын болады". Комитет өкілінің пікірінше, мұндай қадам ҚР кейбір мұнай өнім түрлерінің көлеңкелі айналымда азаюына әкеледі.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір "республикада сақталып және сатылып жатқан мұнай өнімдерінің сапасын бақылайтын жүйесі жоқ". "Өйткені бұл сала көбінесе жеке кәсіпорындар мен фирмалардың қолында. Олардың басым бөлігінде ЖЖМ сақтайтын және сапасын бақылайтын мүмкіндік жоқ".

"Техникалық реттеу комитетінің аумақтық басқармасы мұнай өнімдері нысандарын жылына бір рет тексереді. Ал бұл қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды. Себебі, күнделікті бекеттерде сатылатын мұнай өнімдерінің сапасы тұрмақ, тіпті, октан саны жағы тексерілмейді", - деді комитет өкілі.

Сондықтан , мұнай өнімдерінің сапасын, оның айналымы мен сатылуын мемлекеттік бақылау жасау туралы нормативтік- құқықтық актілерді шығару керек, деп есептейді Ж. Есенбекова.

Бөлім бастығының мәліметтері бойынша, аумақтық комитет биылғы жылдың 10 айында мұнай өнімдерін сататын 325 кәсіпорынға тексеру жүргізді. "Оның 127-сі түрлі заң бұзушылықтар, ал 70-і өлшеуіш құралдарының ақаулықтарынан болғаны анықталды", - деді ол.

Ж. Есенбекованың атап өткеніндей, тексеру қорытындылары бойынша 121 қаулы шығарылып, 2 млн 944 мың тенге көлемінде әкімшіліктік айыппұл салынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті