Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне басты назар аудару керек. Елімізде туризмнің әлеуеті зор. Көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ, сол жерлерге барып, демалуға жұрттың әлі де қолы жете бермейді. Бұл салаға тым серпін беру үшін ең бастысы инфрақұрылым мәселесін шешіп, сапасын түбегейлі түрде жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.