Үкімет жеке тұлғалардың кірісін жаппай декларацияда көрсетуді 2015 жылдан бастап енгізуге кірісуді ұсынады

"Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын декларацияда көрсету мен салық салу жүйесін құруға мүмкіндік беретін қадам сайынғы шаралар кешенін жасау ұсынылып отыр", - делінген құжатта.

"Ауқымды мәліметтер базасын басқаруға қабілетті жүйені құрудың күрделілігі, сондай-ақ, жабдықтарды жаңалау, салық органы мамандарын оқыту мен халықтың салық мәдениетін көтеруді қамтитын кешенді мақсарттарды ескере отырып, жаппай салық декларациясын енгізудің екінші кезеңін 2015 жылдан бастауға болады", - делінген құжатта.