Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесіне тоқталған Ж. Қасымбек, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды», - деді.
Осы орайда ол аталған мәселені қоғамдастықпен талқылау тұрғысында өңірлерге сапарлау кестесі бекітілгенін жеткізді.
«2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды.
Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.