Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін өзгертуге қатысты заң жобасын парламентке енгізді

"Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесіне келсек, өткен жылдардағымен салыстырғанда еліміздің заңнама талаптары біраз қатайтылды. Бірақ жекелеген мұнайға қатысты келісім-шарттарын талқылау барысында түрлі сауалдар туындайтынын біз білеміз және олар салық салу мәселесінің кейбір тұстары мейлінше икемді болуға тиіс екеніне дәлел бола алады",- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, "салық кодексіне енгізілдегі отырған өзгерістер дәл осындай икемділікке бағытталған".