Үкімет жылу желілерін жаңғырту және мектепалды білім беру мәселесін талқылайды

1 сәуірде үкімет басшысы Серік Ахметов үкімет отырысын өткізеді. Онда табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспанов 2014-2020 жылдарға арналған жылу желілерін жаңғыртудың кешенді жоспарымен таныстырады.

Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сарынжипов мектепалды білім беру, оқыту, дамыту келешегінің жағдайы туралы баяндайды.