"Бұл - Орталық Азия аймағындағы барлық республикалар, соның ішінде Қазақстан үшін де аса маңызды мәселе. Оған себеп, біз бірде еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығына душар болсақ, біресе оның мөлшерден тым артуы проблемасымен ұдайы тап келеміз",- деді В.Школьник. Соның салдарынан еліміздің оңтүстік аймақтарында егістік көктейтін маусымда суарма судан тапшылық белең алса, енді бірде елді мекендерді су тасқынынан қорғау тақыметі туындайды деді министр.
Оның айтуынша, бұл проблеманы шешу мүмкіндігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға ресми сапары кезінде бастама етіп көтерген "бірлескен су-энергетикалық консорциум құру" нәтижесінде ғана пайда болмақ. "Қазақстан тарапынан қызығушылық тудырып отырған әрі бүгін талқыланатын басты мәселелердің бірі - осы консорциумды тиімді құру жолдары туралы шешім қабылдау, қолданыстағы ұлттық заңнамаларға оны сәйкестендіру мәселесі болмақ",- деді В.Школьник.
Өз кезегінде Қырғызстандық өкілдердің жетекшісі, осы елдің сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі Садриддин Жиенбеков былай деп хабарлады: "Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың желтоқсан айының 25-26-жұлдызына белгіленген Қазақстанға ресми сапары аясында қосымша шаралар жоспарына, Одақтастық қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойылып, онда екі ел экономикаларын өзара жақындастыруға қатысты нақты шаралар, соның ішінде консорциум мәселесі де қарастырылады",- деді.
Комиссия отырысы сағат 3-ке дейін созылып, отырыс қорытындысы бойынша екі жақты құқықтық-келісім базасын кеңейту мәселесі бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылады деп күтілуде.