Н.Назарбаевтың пікірінше, ауылшарашылығы тауарын өндірушілер өндірген өз өнімдерін өткізуде қиындықтарға тап болуда. Өйткені, өнімнің бағасы жасанды жолмен әсіре қымбаттатылады. Соған қарамастан, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағылған көкөніс керуендері егер жолдағы заңсыз алым-салықтар жойылса, нақты бағаның біршама арзан болатындығын дәлелдеп берді. Демек, "ІІМ мекемелері мен әкімдер үшін бас қатыратын мәселе жетіп артылады",- деді Елбасы. Отырыс барысында Елбасы ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне қалалық базарларда тегін орын иемденуге жағдай жасау жөнінде үкіметке міндеттеме жүктеді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталатын қаржының мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау қоюды шегелеп тапсырды.
"Әкімдер мен министрлер ауылды қолдау бағдарламасына ғана ден қойып, қаржыны су бұрқақтар мен жағалаужайлар салуға жұмсаудан шамасынша қашқақтағаны жөн",- деді ол.
Елбасы ортаға салған мәлімет бойынша, жалпы агроөнеркәсіптік бағдарлама жүзеге асырыла бастаған 1 жылда ауылды дамытуға жұмсалған несиелік қаржы көлемі 2 млрд. теңгеден асып, 600 техника сатып алынған.