Үкіметке ғылымды дамыту бағыттарын айқындауға тапсырма берілді

"Отандық ғылымды дамыту бағыттары мен жалпы инновациялық жүйенің дамуы ел экономикасы мен болашағы бар кластерлік өндірістердің сұранысымен тығыз сабақтастырылуға тиіс",- деді президент.

Н.Назарбаев отандық ғылымды дамыту бағыттары мен ғылыми іс-қызметті дамытудың таңдаулы моделіне байқау жариялауды ұсынып, бұл байқауды ұйымдастырып өткізуді вице-премьер Сауат Мыңбаевқа міндеттеді.