"Ең алдымен барлық негізгі коммуникациялық темір жол және автожол дәліздерін, сондай-ақ, көлік түрлері мен жүк өңдеу арасындағы технологиялық ықпалдастықты қамтамасыз ететін транспорттық-логистикалық тораптарды қалыптастыру қажет. Екіншіден, көлік қызметі рыногын дамытып, жүк транзиті мен тасымалы барысындағы әкімшілік-процедуралық кедергілерді жою қажет. Үшіншіден қызмет сапасының халықаралық стандарттарын енгізу керек",- деді президент.
"Біз Қазақстанның транспорттық кешенін Еуразиялық көлік жүйесіне интеграциялап, транспорттық дәлідердің сыртқы нарыққа шығатын ендік-меридиандық жүйесін құруға тиіспіз",- деді Н.Назарбаев. "Бұған қоса біз сыртқы рынокқа шығатын басты қақпаларымыз - Ақтау теңіз айлағы мен "Достық" бекетін заманауи жаңалап, Астана және Алматы қалаларындағы транпорттық жүйлерді "тораптық" принципке сәйкес қалыптастыруымыз қажет",- деді мемлекет басшысы.