Л.Бурлаковтың пікірінше,"біртұтас команда екенін көрсете білген үкіметтің одан әрі де жұмыс істей беруге мүмкіндігі болды " . Оның айтуынша, Үкіметке сенім білдіру жөнінде дауыс жинау туралы мәселе ерте көтерілді. Егер Жер Кодексі сенатта қаралса, онда заң жобасы ендігі қабылданып та қояр еді.
Депутаттың пікірінше, Кодекстің жекелеген баптарына вето жарияламас бұрын президенттің пікір-көзқарастарды дәйекті айқындап алу үшін парламентке келіп депуттармен жүздесуі айрықша маңызды болды. Л.Бурлаковтың айтуынша, мемлекет басшысы "жер жеке меншікке тегін таратылуға тиіс емес, заңды және жеке тұлғалар үшін жерге жеке меншік бір уақытта жариялануға тиіс" деп санайды.
Бұл көзқарасты сенат депутаттарының да көп бөлігі құптайды дейді Л.Бурлаков.
Сонымен бірге, мәжіліс пен үкімет арасындағы қайшылыққа негіз болған жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері туралы бап бойынша мемлекет басшысының ұстанымына келсек, бұл мөлшерді жергілікті атқарушы және өкілетті орган анықтауы дұрыс деген үлгіні Елбасы қолдайды.
"Сенаттың бұл мәселеге қатысты көзқарасы да Елбасының ұстанымымен сәйкеседі ",- деді сенатор. Л.Бурлаковтың айтуынша, "Жер Кодексін алғашқы оқылымда қабылдау барысында мәжіліс депутаттарының салған жерден даулы 5 пунктті белгілеу арқылы өздері үшін шегінетін жер қалдырмауы дұрыс болмады" .
Ол ертең Елбасы парламенттің көңілінен шығатын үкімет басшысының есімін ортаға салады дегенге сенім білдірді.