Үкіметте Әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорация құру мәселесі бойынша кеңес өтті

Даниал Ахметов өткен аптада Қарағанды облысында "Сарыарқа" ӘКК құру, сондай-ақ келешекте республиканың алты өңірінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) құру мәселесі бойынша берілген тапсырмаға қатысты ақпарат тыңдады.

"Сарыарқа" корпорациясы бойынша, кеңесте Қарағанды облысында бос жатқан жер қойнауы, облыстық дейгейдегі нысандары бойынша талдау ұсынылды. Сонымен қатар, аймақ жетекшілері үстіміздегі жылдың 16 қазаннан 31 желтоқсанға дейін облыстағы қалалар аумағында жер телімдерін бөлу үдерісін тоқтатуға және пайдалы қазбаларды жалпытаратуға арналған жер қойнауын пайдалануға құқық беруге мораторий енгізу туралы қаулы жобасын әзірленген.

Осыған дейін айтылғандай, Мемлекет коммуналдық меншіктегі бағаланбаған активтерді, рентабельді емес мекемелерді, сондай-ақ аудан мен облыс деңгейіндегі жер телімдері мен инфрақұрылымдарды ӘКК-на беруді көздеп отыр. Одан кейін жер телімдері корпорация арқылы сатылатын болады немесе ауыл шаруашылығын өндірушілерге жалға беріледі. ӘКК-ның қызметінен түскен кіріс өңірдің әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.

Жалпы алғанда, 2007 жылы бюджеттен жеті ӘКК-ның жарғылық қорына 14 млрд. теңге, яғни әрқайсысына 2 млрд. теңгеден бөлу жоспарланған.

Кеңес соңында, Д. Ахметов Үкімет жанынан Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов жетекшілік жасайтын жұмысшы тобын құруға тапсырма берді. Бұл топ ӘКК құруға байланысты мәселені шешу үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Даниал Ахметов атап өткендей, жұмысшы тобы бір айда корпорация жұмысына қажетті барлық нормативтік құқықтық негіздерді әзірлеуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті