Үкіметте "Азиада - 2011" ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті

"Аталмыш жарыстарды өткізуге қажетті спорттық нысандарды салу мен бұрынғыларын жөндеуден өткізу мәселелері ұйымдастыру комитетінің талқылауына шығарылды", - деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, спорттық ғимараттар 15 нысаннан тұратыны және оның ішінде 10-ын салу, қалған бесеуін жөндеуден өткізу жоспарланып отырғаны атап көрсетілді.

"Отырысқа қатысушылар Алматы облысында шаңғы-биатлон трассасы мен шаңғы стадионын салу мәселесін талқылады. Осы трасса үшін Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жер телімін ұзақ уақытқа (49 жылға дейін) жалға беруге шешім қабылданды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, К. Мәсімов Алматы қаласында халықаралық шаңғы трамплинінің кешенін салу үшін жер учаскесін дайындауды тапсырды.