Үкіметте Байқоңырды дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

Білім және ғылым министрлігі "Байқоңыр" кешенінің ғарыштық инфрақұрылымын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған" салалық бағдарламасының жобасын әзірлегені атап өтілді.

Премьер-министр аталған бағдарлама аясында денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу нысандарының құрылысына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар қалада 1500 орындық мектеп пен 800 төсектік перзентхана құрылысы жүріп жатыр.

Толықтай алғанда, премьер-министр ғарыштық бағдарламаның жалпы іске асырылуына оң баға берді.