Үкіметте елімізде пластмасса өндіру мүмкіндіктері қаралды

Бұған дейін өткен жиналыстарда жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Корейдің «СS Caltex» компаниясымен бірлесіп іске асыруының түрлі жолдары талқыланғаны айтылды. Талқылау барысында өндірісті ұйымдастыруда екі компанияның екі түрлі тәсілді қолданатындығы анықталған. Кеңесте тараптар ортақ бір шешімге келуге тырысты.

Ұсыныстарды тыңдаған үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Корейдің «СS Caltex» компаниясымен бірлесе отырып, жобаның барлық нұсқаларын талдап, барлық есептерді келісіп, ортақ шешім шығарып, келесі аптада оны үкіметке ұсынуды тапсырды.