Атап айтқанда, мұнай өнеркәсібін дамытудың перспективасы, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры мен Кербұлақ су электр станциясының құрылысы туралы мәселелер талқыланды.
Мұнымен қоса, министр Үкімет басшысын алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысынан хабардар етті. Атап айтқанда, жылу электр станцияларын жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және жанар-жағар май рыногында қалыптасып отырған бағаға қатысты мәселелер қаралды.