Үкіметте елімізге контрафакт өнімдерді әкелуге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Кездесу барысында біртұтас идентификациялық маркаларды пайдалану арқылы санаткерлік меншікті қорғау жайы талқыланды. Олар өнімдерге, соның ішінде оның республика аумағы арқылы қозғалысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде үкімет басшысы контрафакт өнімдерге қатысты жұмыстар бойынша қадағалаушы органдардың іс-әрекеттеріндегі қайшылықтарды атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша индустрия және сауда министрлігіне осы бағыттағы жұмыстарды пәрмендендіруге тапсырма берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті