Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында гидрометеорологиялық қызметті ұйымдастыру және техникалық жарақтандыру, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
"Кеңес соңында Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жетекшілік жасайтын Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамыту жөнінде жұмыс тобын құруға тапсырма берді", - деп көрсетілген хабарламада.
Кеңесте сондай-ақ гидрометеорологиялық қызметтің жедел мәліметтерді және ұзақ мерзімді болжамдарды пайдалануға байланысты қызметтер салаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.
Кеңеске қатысушылар бірқатар кең өлшемдер бойынша дер кезінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін гидропосттар мен метеорологиялық станцияларды одан әрі автоматтандыру жөнінде ақпараттар тыңдап, ұсыныстар енгізді.