Атап айтсақ, Ақтау теңіз айлағын солтүстікке қарай кеңейту туралы қаралды. Кеңес барысында аталмыш мәселе бойынша мамыр айында өткен отырыстың хаттамалық шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Айлақ ауқымын кеңейту нәтижесінде құрғақ жүк тасымалының көлемі 3 млн. тоннаға жеткізіледі. Жобаға сәйкес құрғақ жүкьерге арналған екі әмбебап причал мен екі негізгі жүкті өңдеуге арналған екі причал салу көзделген.
Сонымен бірге сарапшылар қосымша паромды причалы бар мұнай құятын причал салу қажет деп санайды.
Қазір жобаның инфрақұрылымдық нысандарын салу жайы дәйектеліп, Баутино-Маңғышлақ темір жол желісін тарту жобасының техника-экономикалық негіздемесі жасалып, "Ақтау-Құрық" автожолын жөндеу мәселесі шешілуде.
Қазақстан даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі жобаны қаржыландыруға қатысты ұсыныстарды қарауда.
Жоба тікелей инвестицияның көмегімен жүзеге асырылады деп күтілуде. Жоба қазір тек инвесторларды күтуде.
Сонымен бірге жұмыстарға арналған қаржының бір бөлігін республикалық бюджеттен немесе үкіметтің кепілдігімен несие алу есебінен шығару көзделген. Бұл тәсіл экологиялық причал, теңіз флоты мен шекара әскерлері причалдары мен басқа да гидроқұрылғыларды салу, теңіз табанын тереңдету шаралары үшін қажет. Алдын-ала есеп бойынша бұл мақсаттарға 7 ,751 млрд. теңге жұмсалады.
Осыған байланысты үкімет басшысы биылғы жылдың тамыз айының ортасына дейін үкіметтің кепілдігін беруге қажетті құжаттар топтамасын толық дайындап, ақырғы шешім қабылдату үшін республикалық бюджеттік комиссияның талқысына ұсынуды тапсырды.
"Ақтау теңіз айлағының аясын кеңейту жобасы мұнай секторын дамытуда статергиялық маңызға ие, сол себепті оны жүзеге асыруға барынша күш салу керек",- деді Д.Ахметов.
Ол министрліктер мен мекемелерге бірқатар тиісті тапсырамалар беріп, жобаның техника-экономикалық негіздемесін екі аптада түзетуді міндеттеді. Түзетулер бойынша инфрақұрылымдық нысандар мен технологиялық көрсеткіштерді сәйкестендіру, сонымен бірге тиісті экономикалық көрспеткіштерді қайтадан есептеу көзделген.