"Маркетингілік-талдау зерттеу орталығының" басшылары Үкімет басшысын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы рынокқа экспортауды арттыру және қосылған құн тізбегін дамытуды қоса алғанда, олардың даму перспективалары мен бәсекелестік ерекшеліктерін табу мақсатында экономиканың әр түрлі секторында жүргізілген зерттеулер туралы хабардар етті.
Даниал Ахметов негізгі назарды, келешекте ауыл шаруашылығы өндірушілерін кеңінен қолдау шараларын қарастыру үшін, жеміс-көкөніс өнімдеріне баға белгілеу механизмін талдауға, сауда бағасының құрылымына аударды. Осыған байланысты Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне өзге министрліктер мен ведомстволардың ауыл еңбеккерлерін барынша қолдауға бағытталған жұмыстарын үйлестіруді тапсырды.
"Біз бір жағынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өз өнімдерін өткізу тиімділігін арттыруға, ал екінші жағынан - тұтынушылар құқығын қорғауға көңіл бөлу қажет",- деді Даниал Ахметов.
Кеңестің соңында жергілікті билікке өнімнің сапасын арттыруға және ауыл шарушылығы өнімін сақтауға байланысты технологияны дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыру жайлы ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекелестік ерекшелігін жүйелендіру жөніндегі талдау жұмыстарын аяқтағаннан кейін, оның қорытындысы тағы да үкіметтік кеңесте қаралады.