Үкіметте Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті

Үкімет басшысына мәлімдегендей, жоспардың негізгі бөлімдері орындалуда. Осы салада Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы арта түсуде. Ағымдағы жылғы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында уранды байыту жөнінде Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын жұмысын бастау жоспарланып отыр. Тиісті үкіметаралық келісімдер қол қоюға дайындалуда.

Сонымен қатар үкімет басшысы бірінші кезекте мәні бар іс-шаралардың орындалу мерзімін бұзуға жол бергендері үшін энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жұмысындағы селқостыққа сын айтты.

Даниал Ахметов сондай-ақ кеңеске қатысушылардың назарын әлемде ядролық отын құны жедел қарқынмен өсіп отырғанына аударды. Бұл, мәселен, Еуропаның жетекші елдерінің атом энергетикасын дамыту бағытын ұстанып отырғандығына байланысты туындап отыр.

Үкімет басшысы желтоқсанның ортасына дейін жоспардың аталған тұсын орындауға және ұкіметте қарауға ұсыну, сондай-ақ жоспарды орындау жөніндегі шараларды күшейту туралы бірқатар тапсырма берді.

"Жалпы алғанда, атом өнеркәсібін және атом энергетикасын дамыту еліміз үшін ең бір басым бағыттың бірі болып табылады. Қазақстан әлем бойынша уран қорының 25 пайызына ие, біз бұл әлеуетті пайдалана білуіміз қажет",- деп түйіндеді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті