"Қазақмыс" корпорациясы" АҚ-ның өкілдері үкімет басшысына күкірт қышқылы өндірісінің кешенді құрылысының жобасын іске асыру және бір мезгілде зиянды қалдықтардың ауаға таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыстардың іске асырылуы туралы хабарлады. Мамандардың бағалауы бойынша, күкірт қышқылы өндірісінде жаңа технологияны енгізу ауаға зиянды қалдықтардың таралу қаупін 6 есеге дейін азайтады, ашық су көздеріне өндірістік қалдықтардың жайылуынан сақтайды. Сұйық қалдықтар арнайы қорғаныштар арқылы жіберілетіндіктен қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Балқаш мыс қорыту зауытында жоспарланғандай өңделетін газдан жылына 1 миллион тоннадан астам көлемдегі күкірт қышқылын өндіруге мүмкіндік береді.
"Сол арқылы біз екі міндетті бірден шешеміз: химиялық өнімдерді импорттау мөлшерін азайтамыз, атап айтқанда күкірт қышқылы тапшылығын жоямыз. Бұған қоса, күкіртті ангидридтің таралуын азайтамыз және күкірт диоксидін пайдалану проблемасын шешеміз", - деді Даниал Ахметов.
Премьер-министр аталған жобаны биылғы жылы іске асыруға кірісуді және құрылыс кешенін қысқа мерзімді аяқтауды тапсырды. Осы орайда, күрделі технологиялық процесті бұзбау керектігін ескертті.