Атап айтқанда, "Қарағанды облысының көмір кен орнында метан алу өнеркәсібін зерттеу" жобасының негізгі сипаттамасы қаралды, сондай-ақ оны қаржыландыру мәселесі талқыланды.
Кеңесте атап өтілгендей, Қарағанды көмір бассейні бойынша жүргізілген метан іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижесінде болашағы бар екі участке анықталды.
Талдықұдық участкесінде метан барлау және өңдеуде жер қойнауын пайдалану құқығы ашық байқау нәтижесінде "Total Қазақстан" ЖШС-не беріліп, метан өңдеу мақсатында техникалық-экономикалық негіздеме жасалған.
Премьер-министр ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу және жобаға қосымша инвестиция тарту мәселесін пысықтау туралы тапсырма берді.