Кеңес барысында Даниал Ахметов "Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде рентабельділік нормасын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуші орта және шағын мұнайгаз жобаларына салық салудың бірыңғай ұстанымын" әзірлеу қажеттігіне тоқталды.
Талқылау соңында үкімет басшысы мүдделі министрліктер мен ведомстволарға, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ына аталған мәселе бойынша "әрекеттер алгоритмін" әзірлеуге қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.