Үкіметтің 2008 жылы басты мақсаттарының бірі - тұрғындарды еңбекпен тұрақты қамтамасыз ету болады

"Тұрғындарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету және шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, 2008 жылы үкіметтің басты басымдықтарының бірі болады", - деді К. Мәсімов.

"Үкімет тарапынан мемлекеттік -жеке меншік серіктестік бағдарламасы іске асырылады, сол үшін бүгінде тиісті нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілуде ", -деп атап өтті ол.

"Мемлекет пен жеке бизнес қолындағы ресурстарды біріктіру арқылы, елдің нақты экономикалық тұрақты дамуына қол жеткізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

К. Мәсімов атап өткеніндей, үкімет тарапынан сондай-ақ, тұрғындар арасындағы әлеуметтік көмекке зәру болып отырған топты қорғауға бағытталған бірқатар шаралар дайындады. "Біз тепе- теңдік қаржы саясатын ұстану арқасында, тұрғындарды лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етеміз", - деп қорытындылады өз ойын үкімет басшысы.