Жаңа газ құбыры - Ақтау-бесінші карьер бағытындағы магистралды газ құбырының бір тармағы болмақ. Көгілдір отын құбырын тарту жұмыстары 2003-жылдың сәуір айында басталып, қазан айында аяқталды. Газ құбырын салуға қалалық бюджеттен бөлінген 16,5 млн. теңгені "Алақай" ЖШС-нің құрылысшылары толығымен игеріп шықты.
Баянды ауылында 120 үй бар. Тұрғындардың басым көпшілігі жай үйде тұрады. Тұрғындардың 70 проценті қариялар мен зейнеткерлер.
2003-жылы Маңғыстау облысында төрт ауыл газбен қамтамасыз етілді. Тұтастай алғанда Түпқараған ауданындағы Тельмен, Маңғыстау ауданындағы Оңды және Бекі, Ақтау маңындағы Баянды ауылдарына газ құбырын тартуға жергілікті бюджеттен шамамен 115,6 млн. теңге бөлінді.