Үкіметтің қуат және мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі мекемеаралық комиссия құру туралы қаулысына жақын арада қол қойылмақ - "KazEnergy"

"Аталмыш мекемеаралық комиссияны құру туралы қаулы келісу үшін министрліктерде жатыр, жақын арада премьер-министрдің қол қоюына жіберіледі деп ойлаймын",- деді Ж. Сәрсенов.

Ол "мұндай комиссия құру жөніндегі бастама бірінші Еуразиялық энергетика форумында айтылғандығын" еске сала кетті. "Нәтижесі ретінде, бізде барлық министрліктердің және "KazEnergy" қатысуымен осындай орган болады, сондай-ақ онда осы салаға негізгі жұмылдырылған тұлғалардың мүддесін "Самұрық" қорғайды",- деп түсіндірді қауымдастықтың бас директоры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті