ҰҚК Алматыда жоспарланған террорлық актінің алдын алды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйекте Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 адам қамауға алынды. Осы кезеңде 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы - шетелдіктер

Автор: Caravan.kz