ҰҚК қылмыстық топтың 50 мүшесін ұстады

Қылмыстық топ мүшелері деструктивті діни ортаның өкілдерінен құралған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олар Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында әрекет еткен.

Топ мүшелері тауар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Осылайша 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған.