«9 шілде күні сағат 19.00-де Ресеймен шекарада «Гоптовка» өткізу бекетінде Mitsubishi Pajero көлігімен 2,8 млн $ елден алып кетпек болған Украина азаматын ұстады, деп Украина шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.
Шекарашылар ақшаны көлікті мұқият тексеру кезінде тапқан. Жүргізуші ақшаны жанармай құятын бакқа тыққан.