Украин циркі алматылықтарды таңқалдырды


Әуеде оп-оңай қалықтаған акробаттар да таңғалдырмақ. Олар бірнеше метр биіктікке бір жіппен ғана көтеріліп, түрлі трюктар орындайтын болады. Атақты мультфильм кейіпкерлері далматин күшіктері де бар мұнда. Ал күлегеш клоундар ішек-сілені қатырады. Бұл Украин әртістерінің Қазақстанға бірінші келуі екен. Алғашқы күні ауыр дертке шалдыққан мың балаға билеттер тегін таратылды. Цирк тура 30 күнге созылады.