«Әлемде шиеленіс ошағының өсуі бәрімізді алаңдатады. Әсіресе Украинадағы қақтығыс, Таяу Шығыс пен өзге аймақтардағы жағдайдың тұрақсыздығы экономикалық қаржылық сала шеңберінен шығып кеткен ғаламдық дағдарыстың салдары», - деп президент бүгін Астанада бірқатар мемлекет елшілерінің өзіне сенім қағаздарын тапсыруы барысында атап көрсетті.
«Бұл қиын кезеңде қақтығыстың әрі қарай шиеленісуіне жол бермеу керек, санкция алмасуды қатаңдату құзға итермелейді. Жалғыз ғана жол келіссөздер жүргізу, барлық күрделі мәселелер бойынша түйісу нүктесін табу болып табылады. Қазақстан осы ұстанымда және шамасы келгенше ықпал етеді», - дейді мемлекет басшысы.