“Украин қыздары ел қорғап жүр, ал қазақ жігіттерінің түрі мынау”. Әйелдің киімін киіп билеген жігіттер елдің ашуын келтірді (видео)

Facebook-те екі қазақ жігітінің әйелдің көйлегін киіп билегені туралы видео тарады. 

Бұл Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Адай қызы" атты Facebook парақшасында жарияланған видео көпшіліктің ызасын келтірді.

"Қазақ еліміздің ел қорғаушы жігіттері", - деген жазбамен жарияланған бұл видеоға желі оқырмандары сан түрлі пікірлер жазды.

"Ұятсыздар","Қазақтың намысын қорғайма десек, таптайтын сияқты ғой бұлар", "Украинаның жау-жүрек қыздарынан төменсіңдер", "Масқара, Отан қорғайтын жігіттердің түрі", "Ұят дейтін үш әріп қалмаған заман", "Эх, жігіттер-ай", "Ұстап алып ұрсаң ғой аямай", "Сорлы қазағым-ай",-деп жазды желі қолданушылары.

ВИДЕО:  
https://www.facebook.com/100029047162652/videos/1052104708700418