Украина 2014 жылы Қырым мен Донбасстағы оқиғаларға орай 15% астығын жоғалтуда- премьер

    деген болжам жасауда премьер-министр Арсений Яценюк.

Бұл туралы ол сейсенбіде Черкаск облысында диқаншылармен кездескен кезде айтты.

Оның айтуынша, Қырымдағы жағдай мен Донецк, Луганск облысындағы оқиғалар астықтың жалпы мөлшеріне ықпал еткен. "Біз 15% астық жоғалттық", деді ол.

А.Яценюктің айтуынша, қазіргі жағдайда аграрлық бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыру керек.


Оның айтуына қарағанда, агроөнеркәсіптік кешенде салық салу жүйесін қайта құру туралы шешім бір айдың ішінде қабылданбақ.