"Украина алға! Халқыңды қырып, жеріңді тартып алған Ресейді тезірек талқандаңдар!": Желіде Мәскеуге шабуыл көбейгені жайлы ақпарат тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Москваға камикадзе—дрондары шабуылы көбейді.

«Внуково» аэропорты жұмысын тоқтатты.

Рубльдің доллары қатысты бағамы 95-100 рубль арасында.

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарын беруге рұқсат етті.

Хаймарстан атылатын М-26, яғни, жарылғанда 433 жарқыншаққа бөлінетін кассеталы снарядтарын алу үшін келіссөз жүріп жатыр.

ЗСУ қарымта шабуылға шыққан соңғы 3.5-4 айда жетістіктері көп.


ЗСУ бүгін «Урожайное» кентін азат етті.

Ержүрек Украина алға!

Халқыңды қырып—жеріңді тартып алған Ресейді тезірек талқандаңдар!", деп жазды.  

Оқырмандар: "Тамаша жаңалық...Украина жасасын!", "Арты жақсы болсын!", деп жазды.