Минскдегі бейбіт келісім бойынша Киев енді қақтығыс аймағынан әскерін біртіндеп шығарып жатыр. Бүгін 2475 сарбаз Дебальцеводан кетті. 200-дей жауынгер жараланған екен. Олардың барлығына қазір дәрігерлік көмек көрсетілген. Дегенмен бейбіт келісім талаптары толық орындалмаған сыңайлы. Сепаратистердің бақылауындағы аумақта ауық-ауық атыстар естілуде. Оның үстіне, бүлікшілердің әлі де кері шегінер түрі жоқ. Ал ресми Киев енді қақтығыс аймағына БҰҰ-ның бітімгерлік күштерін шақырмақ.
Loading...