"Украинаның батыс бөлігінде, Львов темір жолының Красная бекетінде 16 шілдеде Астана уақытымен 19 сағат 50 минутта "Қазфосфат" ЖШС Польшаға жіберген сары фосфор тиелген 15 цистерна жолдан шығып кетті", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 4 цистернадағы сары фосфор өртенді.
"Апаттың зардаптарын жою барысында Украина Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері мен ІІМ-нің екі қызметкері уланды, 1 мыңнан астам адам бекеттен көшірілді. Сонымен бірге 14 елдімекенннің тұрғындарын көшіруге шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта апат болған жерге "Қазфосфат" ЖШС-нің бес маманы апат зардаптарын жоюға көмек көрсету үшін аттанды. " ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен "Қазфосфат" ЖШС өкілдері төтенше жағдайдың зардаптарын жою мәселелері бойынша өзара ықпалдаса жұмыс істеуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті