Луганскіде - 45, деп нақтылап өтті Украина денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Донецк облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің деректеріне қарағанда, онда 225 адам қаза болған (сот-медицина сараптамасының бюросы бекіткен ), оның 8-і әйел. Екі бала қаза болды деген алдын ала ақпарат бар", деді министрліктің баспасөз қызметінен.
Медициналық көмекке 576 адам жүгінген, қазіргі уақытта 150 адам стационарлы ем алуда, оның бірі 14 жасқа дейінгі бала.
Луганск облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің деректеріне қарағанда, онда 45 адам қаза болған (сот-медицина сараптамасының бюросы бекіткен ), оның 7-і әйел. Тұтас алғанда 137 адам зардап шеккен.