Украина Еуропаға 200 миллиард текше метрден астам газ жеткізе алады

Бұл туралы ұлттық телеарна эфирінде Украинаның премьер-министрі Николай Азаров мәлім етті, деп хабарлайды Украина Министрлер Кабинеті хатшылығының ақпарат және қоғаммен байланыс департаменті.

«Біз Ресей басшылығы мен Еуропалық Одақты аздаған қайта құрастыру және қайта жаңғыртудан өткеннен кейін біздің газ тасымалы желімізден басқа ең сенімді газ жеткізу көзі жоқ деп сендіреміз», - деп мәлім етті Николай Азаров. Ол Украинаның ресейлік табиғи газды Еуропаға тасымалдайтын ең сенімді тарап болып қалатынын атап өтті.