Украина Харьковтағы жарылысты лаңкестік деп бағалады

Оқиға Виктор Януковичтің биліктен кеткеніне бір жыл толуына байланысты өткен бейбіт шеру кезінде болды. Жарылғыш зат осы шара өтетін маңда қардың астына жасырылыпты. Ресми Киев мұны алдын ала жоспарланған лаңкестік әрекет деп отыр. Күдіктілер де көпке ұзамай қолға түскен. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, қаскөйлер қалада тағы бірнеше жарылыс ұйымдастырмақ болған. Қазір Харьковте күш құрылымдары аяғынан тік тұрып террорға қарсы арнайы шара өткізуде.

Loading...