Украина мен Ресей Орталық Азия мемлекеттерімен газ тасымалдау мәселесі бойынша бірлескен келіссөздер жүргізуге уағдаласты

В.Ющенконың айтуынша, мұндай ұсынысты ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездескен кезде айтқан. "Мен "Газпром" және Украинаның "Нафтогаз Украина" компаниялары Орталық Азия өңірінде газ тасымалын жасайтын компаниялармен 2009 жылдың балансы аясында шұғыл түрде келіссөздер жүргізу жөнінде ұсынысымды білдірдім. Біз мұндай тетіктер туралы келістік ", - деді Украина басшысы.

В. Ющенко атап өткеніндей, Украинаға келесі жылы газ тасымалдау жөнінде және оның бағасы туралы әңгіме көтеру әлі ертерек, бұл мәселе саяси мәселеге жатпайды бұнымен тиісті министрліктер мен компаниялар айналысуы тиіс. Ол атап өткеніндей, Украина газ мәселесі бойынша диалогты жандандыруға мүдделі.