Украина Жоғарғы Радасындағы сайлауда "Халықтық фронт" 21,68% дауысқа, "Петр Порошенко блогы" 21,64%-ға ие болды.
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығындағы интерактивті таблода жарияланған мәліметке сәйкес, "Самопомич" - 10,57%, "Оппозициялық блок" - 9,6%, Олег Ляшконың радикалды партиясы - 7,63%, "Батькивщина" - 5,87% ие болған. "Свобода" - 4,6% дауыспен 5%-дық деңгейге жақындады.
Қалған партиялар бес пайыздық деңгейден аса алмайды.