Украина парламенті Киев мэрінсайта сайлауға шешім қабылдады. Бұл қала басшысы Леонид Черновецкийге жерге қатысты қитұрқылықтар жөнінде айып тағылдуына байланысты. Бұл шешімді 441 депутаттың 246-сы қолдады.
Л. Черновецкий өз міндетін жаңа мэр сайланғанға дейін атқара бермек, ал мэр сайлауы 25 мамырда өткізілуі мүмкін.
Осы мәселе Верховная радада талқыланып жатқан кезде парламенттің алдында Л. Черновецкийді отставкаға жіберуді талап еткен митинг өтіп жатты. Наразылық шарасына қаланың 300 жуық тұрғыны шықты.
Украина президенті Виктор Ющенконың жарлығына сәйкес Л. Черновецкийдің өз міндетін орындамауына, оның Конституция мен Украина заңдарын бұзуына, президент пен министрлер кабинетінің актілерін орындамауына қатысты қызмет бабындағы тексеру жүргізілуде.