А.Зинченко Қазақстан мен Украинаның екі жақты ынтымақтастық саласында үлкен мүмкіндіктері бар деп санайды. Оның пайымдауынша, екі жақты ынтымақтастыққа арқау болатын басты бағыттар - ресурстарды тасымалдау, Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеру және еркін сауда аймағын құру болмақ. Мемлекеттік хатшы Қазақстан банктерін Украина экономикасына инвестиция салуға шақырды. Сонымен бірге, оның пікірінше, авиация және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықтың да келешегі зор. Қазақстандық компаниялардың "Одесса-Броды" мұнай құбырын пайдалану мүмкіндіктері қаралып жатыр.
2004-жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1 млрд. доллардан асты. Украиналық мұнай өңдеу зауыттары 1,2 млн. тонна Қазақстан мұнайын өңдеді, сондай-ақ, 10 млн. тонна мұнай Украина аумағы арқылы Еуропа рыногына транзитті тасымалданды.