Украина президенті өзінің бейбіт жоспарын ұсынады

Бұл туралы ол кеше Украинаның жаңа бас прокуроры Виталий Яреманы таныстыру кезінде атап көрсетті.

Бұған дейін Украина басшысы бейбіт жоспарды орындау шеңберінде заңсыз қаруланған құрылым мүшелеріне қаруды тастап, елден кету мүмкіндігін беру үшін біржақты негізде елдің шығысында отты тоқтататынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда президенттің бейбіт жоспары он төрт қадамды қамтиды. Ол туралы жақын күндері мәлімделмек.