Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстанға ресми сапары 6-наурызға дейін созылады. Ол Украинаның Қазақстандағы жылының ашылу салтанатына қатысады.
Сапар барысында В.Ющенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі елдің бизнес форумына атсалысады. Сондай-ақ, ол Қазақстанда тұратын украин диспорасының өкілдерімен жүздеседі деп жоспарланған.
ҚР СІМ-нің бұған дейінгі ақпаратына сәкес, екі ел басшыларының келіссөздері барысында 2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан - Украина іс-әрекеттерінің жоспарын жүзеге асыруды қамтитын екі жақты қатынастарды әріқарай дамыту, жанармай мен энергетикалық секторларда өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды, сондай-ақ, көкейкесті аймақтық және халықаралық мәселелерді, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық жайын талқылау жоспарланған.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина президенттерінің бірлескен мәлімдемесін қабылдау, екі елдің әртүрлі салалардағы өзара ықпалдастығын тереңдетуге бағытталған бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
2007 жыл Украинада Қазақстан жылы деп жарияланды. 9- ақпан күні Киевте 200-ден астам шараны қамтыған Қазақстанның Украинадағы жылының жабылу рәсімі салтанатты түрде атап өтілді.