"7-ші шақырылымдағы Жоғарғы Рада өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатуды шештім", делінген президенттің ресми Твиттерінде.
П.Порошенконың фейсбугінде украиналық парламенттің жаңа құрамын сайлау 26-қазан күнге белгіленген, делінген.
Президенттің баспасөз хатшысы Святослав Цеголконың айтуынша, президент атап өткендей,"бесінші колонна бірнеше оншақты депутаттан құралған, бірақ олар өздерін сайлаған халықтың мүддесін күйттемей отыр".
"Дәл осы депутаттардың басым бөлігі диктаторлық заңдар қабылдады, соның салдарынан бірталай адам қырылды", деді президент.